Қазақстан, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Парковая көшесі, 34-үй
+7(71431) 9-92-22
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің № 13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Құрметті 7–11 сынып оқушылары!
Егер сен белсенді, бастамашыл және жауапты оқушы болсаң, қызықты идеяларың мен мектеп өміріне белсене араласуға деген ниетің болса - Мектеп парламентіне шақырамыз!
Мектеп парламенті - бұл:
көшбасшылық қасиеттеріңді көрсетуге;
өз идеяларыңды ұсынуға және жүзеге асыруға;
мектеп іс-шараларын ұйымдастыруға қатысуға;
оқушылардың мүддесін қорғауға;
командада жұмыс істеп, пікірлес достар табуға;
мектеп өмірін қызықты әрі жарқын етуге мүмкіндік!
Идеяларыңның естілгенін қалайсың ба?
Мектеп өміріне өз үлесіңді қосқың келе ме?
Алғашқы «Қадам алға» жасауға дайынсың ба?
Онда Мектеп парламентіне қосыл!