Мектебімізде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған дәстүрлі «Қос пайда» экологиялық акциясы өз бастауын алды.
Акция аясында пайдаланылған батарейкалар мен пластикалық қақпақтарды жинау жұмыстары жүргізіледі.
Пайдаланылған батарейкаларды дұрыс жинау — қоршаған ортаны зиянды заттардан қорғаудың маңызды қадамы.
Ал пластикалық қақпақтарды жинау арқылы оларды қайта өңдеуге бағыттап, табиғатқа түсетін пластик қалдықтарының көлемін азайтуға үлес қоса аламыз.
Барша оқушыларды, ата-аналарды және педагогтерді акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!
Табиғатты қорғау — әрқайсымыздан басталады!
#адалазамат
#волонтеры
#школьныйпарламент

