Бүгін мектебімізде ұлы ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 8-сынып оқушылары арасында «Дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шара барысында білім алушылар қазақтың біртуар қайраткерінің өмірі, шығармашылығы және ел үшін атқарған игі істері туралы ой бөлісіп, пікір алмасты.
Оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Артықбай И. Б. ұйымдастырған іс-шараға белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.

