Қазақстан, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Парковая көшесі, 34-үй
+7(71431) 9-92-22
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің № 13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін Отбасы апталығы аясында мектебімізде 2–3 сынып оқушыларының қатысуымен «Күзгі асар» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге оқушылар сынып жетекшілері және ата-аналарымен бірге белсенді қатысып, күзгі өнімдер, жемістер, көкөністер мен гүл шоқтарын ұсынды. Әр сынып өздерінің шығармашылығын, ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетті.
Жәрмеңкеден түскен қаражат материалдық қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына кеңсе тауарлары мен мектеп сөмкелерін сатып алуға жұмсалады.
Ізгі іске белсенді атсалысқан барлық оқушыларға, ата-аналарға және сынып жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз!
Бірге жасаған жақсылығымыз әр шаңыраққа қуаныш әкелсін!

#адалазамат
#Благотворительность