Қазақстан, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Парковая көшесі, 34-үй
+7(71431) 9-92-22
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің № 13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1. Жиналыс барысында жаңа оқу жылының маңызды мәселелері талқыланып, ата-аналарға қажетті ақпараттар ұсынылды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
• №13 жалпы білім беретін мектебінің қауіпсіз әрі сапалы білім беру ортасы;
• 2026–2027 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру;
• Бірінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңіндегі психологиялық ерекшеліктері;
• Мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
• Ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру.
Жалпы жиналыстан кейін 1 «А» және 1 «Ә» сыныптарының жетекшілері ата-аналармен жеке сынып жиналыстарын өткізіп, оқу-тәрбие жұмысы, сыныптың ерекшеліктері мен алдағы жоспарлар жөнінде пікір алмасты.