9 қыркүйек күні 9-сынып оқушылары арасында «Лудомания – ойынға тәуелді мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық тренинг өтті.
Кездесу барысында оқушылар құмар ойындардың зияны, ойынға тәуелділіктің қалыптасу қаупі және өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.
Тренингті психолог, «Дамыту» ҚҚ жетекшісі Костюк Нина Борисовна өткізді.
Іс-шара оқушылардың саналы таңдау жасауына және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.
#адалазамат
#СаламаттыМектеп

