31 тамызда мектебімізде жаңа оқу жылындағы алғашқы педагогикалық кеңес өтті. Кеңес тақырыбы: «Білім беру саясаты және адами капитал: конституциялық кепілдіктер және білім алудың нақты траекториялары». Отырыс барысында 2026–2027 оқу жылына арналған негізгі міндеттер айқындалып, оқу процесін ұйымдастыру, оқу жүктемесі, сабақ кестесі, мектепішілік бақылау, қауіпсіз білім беру ортасы және мектептің жылдық жұмыс жоспары қарастырылды. Педагогикалық кеңес жаңа оқу жылындағы ортақ мақсаттар мен басым бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді. Бірге — сапалы білім мен әрбір оқушының табысты дамуы жолында!

