Бүгін Денсаулық фестивалі аясында бастауыш сынып оқушыларына арналған спорттық іс-шаралар өткізілді.
3–4 сынып оқушылары үшін «Денсаулық жолы» ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі кезеңдерден өтіп, ептілік, төзімділік, шапшаңдық және командалық рухтарын көрсетті.
2-сынып оқушылары көңілді әрі қызықты қимылды ойындарға қатысып, бойларына күш-қуат жинап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
Барлық қатысушылар іс-шараларға белсенді қатысып, өздерінің спорттық қабілеттері мен командада жұмыс істей білетіндіктерін көрсетті!
Денсаулық – қозғалыстан басталады!

