1 қыркүйек – ерекше күн! Бұл күннен жаңа оқу жылы, жаңа армандар, жаңалықтар, мақсаттар мен жетістіктер басталады. Бүгін мектеп ауласы қайтадан балалардың шат күлкісі мен қуанышты дауыстарына толды. Бұл күн әсіресе біздің 1-сынып оқушылары үшін ерекше әсерлі. Олар алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне қызықты саяхатқа қадам басты. Бұл жол олар үшін мейірімді, қызықты әрі жарқын сәттерге толы болсын!
Ал 11-сынып оқушылары үшін бұл оқу жылы ерекше болмақ. Бұл – мектептегі соңғы жыл, маңызды шешімдер қабылдап, үлкен армандарға ұмтылатын, ересек өмірге алғашқы қадам жасайтын кезең.
Баршаңызға шабыт пен жаңа жеңістер тілейміз!
Жаңа оқу жылы үлкен мүмкіндіктердің, игі өзгерістердің, жарқын жаңалықтар мен лайықты жеңістердің жылы болсын!

